АЭС: Халықтық штаб өкілдері дәрігерлер және ұстаздармен кездесті

Көкшетауда  АЭС құрылысын қолдау жөніндегі облыстық халықтық штаб қала мектептерінің ұстаздарымен және денсаулық саласының қызметкрелерімен кездесу өткізді.

АЭС: Халықтық штаб өкілдері дәрігерлер және ұстаздармен кездесті
328

Кездесуде  облыстық халықтық штабтың мүшесі Серік Кәкенов  АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілігін түсіндіріп,  АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.

«АЭС- бұл болашақта елді энергетикалық тәуелділіктен алып шығатын зор мүмкіндік. Жасыл энергия көзіне жататын атом электростанциясын салу арқылы ғалымдар бірнеше мәселені шешуге болатындығын айтып отыр»,- деді сөз алған  штаб мүшесі Умар Шоназаров.

Сарапшы мамандар станса салу арқылы экология мәселесін тиімді шешуге болатынын айтады.

«Мұндай орталықтар көмірқышқыл газын, метанды және басқа парниктік газдарды шығармайды. Осыны ескерген дамыған мемлекеттер ауаны қалай тазартудың жолын атом орталықтары арқылы іздеуге көшкен. Атом электр стансасы – басқа стансаларға қарағанда экологиялық таза. Өздеріңіз білесіздер, АҚШ болсын, Еуропадағы біраз ел, соның ішінде Франция 80%-ға дейін электр энергиясы өзінде. АЭС арқылы өндіріледі. Ол жерде бірде-бір радиацияның шығуы, басқа жағдайлар болып жатқан жоқ», – дейді облыстық халықтық штаб мүшесі Бауыржан Ыбыраев.

Ақмола облыстық халықтық штаб мүшелерімен кездесуде  дәрігерлер мен медицина қызметкерлері белсенділік танытып, штаб мүшелеріне АЭС-ның қоршаған ортаға тигізер зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сұрақтарын қойды.

Бүгін Қызылорда аймақтық халықтық штаб өкілдері де ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы қызметкерлерімен кездесті. Онда Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Жиында штаб мүшесі Нұридин Амитов АЭС құрылысының маңызы мен қажеттін түсіндірді. Сонымен қатар АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.

"Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда.  АЭС құрысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді", – деді ол.

Сондай-ақ Халықтық штаб өкілдері «Анаға тағзым» орталығында әлеуметік қызмет көрсету саласының мамандарымен кездесті.

Электр қуатын шамадан тыс пайдалану салдарынан бүгінде халықтың көп шоғырланған жерлерінде электр қуатының тапшылығы сезілуде. 

Сәйкесінше жаһандық даму кезеңінде озық технологияларды, шетелдік тәжірибелерді елімізде іске асыру мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр.

«МАГАТЭ» басшысы Рафаэль Гроссидің айтуынша, экономика дамыған сайын энергияға сұраныс артып жатыр. Бірақ атмосфераға зиянды көмірқышқыл газының таралуын айтарлықтай азайту үшін бізге ядролық энергия қажет.

Бірақ жаһандық жылынуды болдырмау үшін 2050 жылдарға қарай жасыл энергияға қол жеткізу маңызды.

Орталықта өткен кездесуде  аймақтық Халықтық штаб мүшесі Балжан Шаменова: Бүгінде аймағымыз  қарыштап дамуда. Өңірге салынған инвестиция есебінен әлеуметтік орталықтар, Жайлы мектептер салынуда. Сол жағалауда көпбейінді ауруханының құрылысы басталды. Ал осы нысанның барлығына электр қуаты керек. Қарапайым ауыз су мен аяқ суды берудің өзіне жарық қуаты керек. Байқап қарасақ, ұялы телефонымызды да, үйде тұру үшін де, өміріміздің барлық тұсында электр қуаты керек. Қазірде елімізде электр қуаты тапшылығына байланысты біз Қырғызстаннан да электр қуатын сатып алып отырмыз.  АЭС құрылысы елдің энергетикалық қуатын арттырудың алғы шарты болмақ,-деді.

 

Серіктес жаңалықтары