Құттықтау сөзінде Бас Прокурор чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, оның отандық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті.
Бас прокуратура басшылығы Олимпиада чемпионына алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.
Сондай-ақ, кездесу барысында Е. Сметов Бас прокуратураның дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен танысты.