Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары тікұшақпен 10 жастағы баланы эвакуациялады

Зардап шегушіні АМО автомобилі аураханаға алып кетті

Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары тікұшақпен 10 жастағы баланы эвакуациялады
ТЖМ
368

Алматы облысында туристер 112 пультіне қоңырау шалып, олар баланың жартастан құлағанын байқағанын айтқан, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Проходное шатқалындағы Терра алаңында болған.

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы шақыру орнына келіп, баланың құлауы салдарынан бұғанасының жабық сынуы, бас жарақаты және көптеген дене жарақатын алғанын анықтады. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, шұғыл ауруханаға жатқызу қажеттілігіне байланысты тікұшақты көтеру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

«Қазавиақұтқару» тікұшағы борттағы Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына жедел ұшып кетті.

Баланы бортқа көтеріп, Боралдай әуежайына эвакуациялады.

Зардап шегушіні АМО автомобилі аураханаға алып кетті.

Серіктес жаңалықтары