Алаяқтар банк акцияларын сатып алмақ болған әйелді алдап кеткен

Тағы бір қазақстандық алаяқтардың құрбаны болды.

Алаяқтар банк акцияларын сатып алмақ болған әйелді алдап кеткен
457

Шымкентте интернет желісіндегі алаяқтық фактілері анықталды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, негізгі күдікті алаяқтық жолмен түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған «дропперлермен» бірге әрекет еткен. 

«Жәбірленушілердің біріне қаскөйлер әйгілі банктің акционері болуды ұсынып, айласын жүзеге асырған. Әйел көрсетілген шотқа 500 мың теңге аударып, ақшасынан айырылған», делінген хабарламада.

Тағы бір жағдайда алаяқтар Instagram-да қымбат телефонды өте төмен бағамен сату туралы хабарландыру жариялаған. Бұған сенген тұрғын оларға 683 мың теңге аударған. Бірақ уәде етілген гаджет жеткізілмеген.

ІІМ криминалистері заманауи цифрлық технологияларды қолданып, «дропперлерді» анықтап, басты күдіктіні анықтады. Ұрланған қаражаттың барлығы зардап шеккендерге қайтарылып, қылмыстық іс қозғалды.
 

Серіктес жаңалықтары