Украинада 5 министр отставкаға кетті

Министрлер кабинетінің жартысынан көбі ауысуы мүмкін.

Украинада 5 министр отставкаға кетті
Ғаламтор
725

Кеше Украинаның 5 бірдей министрі Жоғарғы радаға қызметінен кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өтініш бергендер қатарында: Стратегиялық өнеркәсіп салалары министрі Александр Камышин, Әділет министрі Денис Малюська, Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау министрі Руслан Стрелец, Еуропалық және еруоатлантикалық интеграция вице-премьері Ольга Стефанишина, Украинаның уақытша басып алынған аумақтарын реинтеграциялау министрі Ирина Верещук бар.

Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі басшысының орынбасары Ростислав Шурма да қызметінен кеткен.

Кorrespondent  басылымының хабарлауынша ІІМ Дмитрий Кулеба да қызметінен кетуі мүмкін. Оның орнына бірінші орынбасары Андрей Сибигидің кандидатурасы қарастырылып отыр.

Владимир Зеленский министрлер кабинетіндегі өзгерістерді күздің Украина үшін өте маңызды екенін, сондықтан үкіметтің ішкі және сыртқы саясаттағы бағыттарын күшейту қажеттігімен түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары