684
"Өлім – тек "зақым келу", оны түзеуге болады": 30 жыл зерттеу жүргізген АҚШ профессоры тосын мәлімдеме жасады
Арнайы аппараттар мен дәрі-дәрмектердің көмегімен адамды қайта тірілту мүмкіндігі бар.
«Өлім – бәрі бітті деген сөз емес, оны кері қайтаруға болады», – деп мәлімдеді АҚШ профессоры Сэм Парния 30 жыл зерттеу жүргізген соң.
«Егер мен ертең инфаркт алып, қайтыс болсам, неге мен өлі күйде қалуым керек?» — деп риторикалық сұрақ қойды дәрігер.
Жаңа деректер көрсеткендей, «өлімнен» кейін сағаттар немесе күндер өткен соң да ми жұмысын қалпына келтіруге болады, арнайы аппараттар мен дәрі-дәрмектердің көмегімен адамды қайта тірілту мүмкіндігі бар.
Профессордың айтуынша, өлім — бұл тек «зақым келу», оны жөндеуге болады, сондықтан біздің оған деген көзқарасымызды қайта қарастыратын уақыт келді.