Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы тамызда дүние есігін ашқан екінші қызы Алмаға арнап фотосессия ұйымдастырды.
«Бүгін бізде Алмушаға арналған фотосессия. Бірақ ол суретке түскісі келмей, еркелеп, қырсығып тұр»-дейді продюсер.
Әйтсе де фотосессияны сәтті өткізген. Ал оған дейін екі рет жоспарлап қойған фотосессиядан бас тартуға тура келіпті.
Айта кетейік, продюсердің 5 тамызда Алиса есімді қызы, 19 тамызда Алма есімді қызы өмірге келген болатын.