Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңді.
Әлемдік рейтингінде 5-орында тұрған отандасымыз әлем біріншілігін екінші айналымнан бастады. Жалпы жарыс барысында 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсылас шақ келтірген жоқ.