Жамбыл облысының тұрғыны әйелін пышақтап, өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 29 тамызда таңғы уақытта, Масанчи ауылында болған. Ер адам өз үйінің ауласында 27 жастағы әйелін пышақтап өлтірген.
Полицейлердің айтуынша, ер адам не істегенін түсінген соң өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол ауруханаға жатқызылды. Полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.