«Жігітім менен 6 жас кіші»: Айнұр Асқарқызы отбасылық бақыты жайлы айтты

Белгілі коуч, емші, актриса Айнұр Асқарқызы осыдан екі-үш жыл бұрын тұрмыс құрған болатын.

«Жігітім менен 6 жас кіші»: Айнұр Асқарқызы отбасылық бақыты жайлы айтты
фото: әлеуметтік желі
Автор
Админ
880

Кішкентайлы да болып үлгерген еді. Әйел бақыты мен ана бақытына бөленген блогер Анна Данченкоға берген сұхбатында жан-жарымен арасындағы жас айырмашылығы, бақытты болу үшін қандай адам таңдау керектігін айтты, деп жазады turkystan.kz.

«Жігітім менен алты жас кіші. Ол бізге әсер етпейді. Адамдар жасқа қарайды, басқаға қарайды. Оның бәрі адамның өзі шығарып алған дүние ғой. Адам өзінің адамын тапса, өзіне жайлы, жағымды адам болса, бақытты болады»-дейді Айнұр Асқарқызы.

Ол сондай-ақ қыз-келіншектерге теңін табу үшін үнемі дұға жасап жүруге кеңес берді.

«Алладан өздеріңізге жайлы, жағымды жұптарыңызды сұрап жүріңіздер. Құдай береді. Адам сұрамады ма, демек оған жар керек емес. Дұғаның құдыреті күшті. Бұл – бір. Екіншіден оның орындалатынына сену керек»-дейді.

Серіктес жаңалықтары