ҰҚК Ауғанстаннан есірткі тасымалдағандарды ұстады

Олардан құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 кг-ға жуық гашиш алынды.

ҰҚК Ауғанстаннан есірткі тасымалдағандарды ұстады
ҰҚК
445

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, «Солтүстік бағыт» деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды, деп хабарлады turkystan.kz.

 Тамызда өткен операция қорытындысы бойынша, Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталды.

Тінту барысында олардан «қара» нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 кг-ға жуық гашиш алынды.

Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Шет елдердің құзыретті органдарымен бірлескен халықаралық есірткі трафигіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары