Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Антикор алаяқтардың Антикор символикасы бар арнайы жасалған жалған құжаттардың файлдарын жіберіп жатқанын ескертті.

Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
gov.kz
431

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді. 

Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді.  

Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз.  

Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары