1013
Мадина Садуақасованың Қыдырәлі мен Қарақаттың тойына неге бармағаны белгілі болды
Әнші әлеуметтік желіде тойға бара алмаған себебін айтып, ақталған.
Танымал әнші Мадина Садуақасова жұлдызды жұптың Астанада өткен күміс тойына қатысқан жоқ, деп жазды turkystan.kz.
Оның айтуынша, бұл күндері ол шетелде жүр.
"Кеше Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдинаның күміс тойлары өтті. Бәрімізге үлгі болып жүрген керемет отбасы! Шын жүректен құттықтаймын, жандарым! Екі дүниенің бар бақытын тілеймін! Ерекше жақсы көремін, құрметтеймін Қыдыр мен Қарақатты. Әзірге осындай құттықтау Тәжікстаннан, бұйырса өзіміз отырып тағы тойлаймыз", - деп жазды Мадина Садуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында.