Емделуші түберкүлез диспансерінде қарасора өсірген

Шығыс Қазақстан облысында Д есімді ер-азамат 2023 жылдың қыркүйегінде Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы түберкүлезге қарсы орталыққа мәжбүрлі түрде ем алу үшін жіберілген.

Емделуші түберкүлез диспансерінде қарасора өсірген
istockphoto.com
Автор
Админ
281

Ол орталыққа келер жолда жол жиегінен қарасораны көріп, бірнеше сабағын дәнімен қоса жұлып, қалтасына салып алған. 2024 жылдың мамыр айында сол дәндерді түберкүлезге қарсы ем алып жатқан орталықтың саябағына еккен. Үш бұта қарасора өсіп шыққан. Оған су құйып, арамшөбін жұлып, баптап отырған. Кейін оны жұлып, кептіріп, үгітіп, марихуана дайындаған. Оны өзі тұтынған. Сату мақсаты болмаған.

Оның бұл қызметін полиция қызметкерлері тоқтатты. Қылмыстық іс Тарбағатай аудандық сотында қаралды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылған: есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау және тыйым салынған қарасора сұрыптарын егу, өсіру.

Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Сот оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті, пробациялық бақылау тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары