сейсенбі, 1 сәуір, 2025

«Абай жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

/
istockphoto.com
Бір қатысушыға берілетін қарыздың ең жоғары мөлшері – 15 000 000 теңге.

«Абай жастары» ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлады.

Бір қатысушыға берілетін қарыздың ең жоғары мөлшері – 15 000 000 теңге. Егер тұрғын үйдің құны 15 млн. теңгеден асатын болса, айырманы өтініш беруші өз қаражаты есебінен қосымша төлейді.

  • Пәтер сатып алу үшін бастапқы жарна-тұрғын үй құнының 10 %.
  • Пайыздық мөлшерлеме-6 %.
  • Несиелеудің ең ұзақ мерзімі — 19 жылға дейін.
  • Өтініш берушінің төлем қабілеттілігі «Отбасы Банктің» ішкі құжаттамасына сәйкес айқындалады.

«Абай жастары» бағдарламасына кім қатысуға құқылы?

  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған барлық кезекте тұрғандар 18 жастан бастап 35 жасқа дейін.
  • Журналистер (БАҚ-тың штаттық қызметкерлері) 18 жастан 35 жасқа дейін.
  • Мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт қызметкерлері (18 жастан 35 жасқа дейін).
  • Денсаулық сақтау қызметкерлері (мемлекеттік, республикалық және бюджеттік ұйымдарда/мекемелерде,КММ, ШЖҚ КМК штаттық қызметкерлері (18 жастан 35 жасқа дейін қоса алғанда).

Маңызды ескерту: егер ерлі - зайыптылар бағдарламаға қатысушы болса, онда ерлі-зайыптылардың біреуі ғана өтініш бере алады, ерлі-зайыптылардың екеуі де 35 жасқа дейін болуы керек.

Қалай және қайда өтініш беру керек

Өтінімдерді «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қабылдайды, мекен-жайы: Уранхаева 53, 2 - қабатта кеңсе, құжаттарды қабылдау 20.08.2024 ж.бастап 2024 жылдың 22 тамызына дейін (2 жұмыс күніне), қабылдау уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліспен) жалғасады. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін барлық тілек білдірушілерден құжаттарды тексеру жүргізіледі, оған 2024 жылғы 26 тамызға дейін мерзім беріледі.

Бөлісу: