Ақтаулық мұғалім өзі тұратын тұрғын үйдің кіреберісін ұлттық нақышта безендірген (ФОТО)

Тұрғын үй кіреберісінде ұлттық нақыштағы бейнелерді салмас бұрын ол эскизін сызған.

Ақтаулық мұғалім өзі тұратын тұрғын үйдің кіреберісін ұлттық нақышта безендірген (ФОТО)
www.gov.kz
1623

Ақтаулық Мейрамгүл Тұңғатарова өзі тұратын 28-шағын аудан №16 тұрғын үйдің кіреберісін ұлттық нақышта безендірген, деп хабарлайды turkystan.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мейрамгүл Тұңғатарова №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте көркем еңбек пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Тұрғын үй кіреберісінде ұлттық нақыштағы бейнелерді салмас бұрын ол эскизін сызған. Сол эскиз бойынша киіз үйдің керегесі, домбыра, сырмақ, торсық, қошқар мүйіз оюы, құрақ көрпелер, сандық, көне жәдігерлерді салған. Мейрамгүл Тұңғатарованың айтуынша, бұл жұмыстарды үйге кірген сайын балалар ұлттық құндылығымыздың қадір-қасиетін біліп өссін деген ниетпен жасаған.

"Бояу, сызу жұмыстарына он шақты күн уақыт кетті. Тұрғын үй кіреберісіне ұлттық бейнелерді эмаль бояумен боядым. Кіреберісті тазалаған уақытта бояулар кетпейді. Бұл жұмыстарды үйге кірген сайын балаларымыз ұлттық бейнелерді көріп қана қоймай, құндылығымыздың қадір-қасиетін біліп өссін деген ниетпен жасадым",  деді Мейрамгүл Тұңғатарова.

Серіктес жаңалықтары