298
Қазақстанда соңғы 10 жылда 230 тонна есірткі жойылған
Ішкі істер министрлігі жыл сайын жаз бен күз мезгілінде «Қарасора» профилактикалық шарасын өткізеді.
Бұл шара есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған. Елдің оңтүстік өңірлерінің ауа-райы қарасора өсіруге қолайлы. Түркістан, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстары мен батыс аймақтар алдыңғы қатарда. 2014 жылдан бері Қызылорда облысында Үнді және Голланд қарасорасы жиі өсірілуде.
Соңғы 10 жылда ІІМ «Қарасора» операциясының аясында тікұшақпен іздеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы уақыт аралығында 230 тоннадан астам есірткінің көзі жойылған. 2015-2017 жылдары тәркіленген есірткі көлемі 30 тоннаға дейін жеткен. Ал 2019 жылдан бастап бұл көрсеткіш азайған.