1684
«Мырзағали кетсе, мен де кетем»: Сәкен Бибосынов желіде тараған шудың нүктесін қойды
Боксшы бұл сөзді жоққа шығарады
Желіде боксшы Сәкен Бибосыновтың Мырзағали Айтжановтың ізімен ұлттық құрамадан кететіні жайлы расталмаған ақпарат тарап жүр. Бұл сөздің рас-өтірігін Qaz365.kz тілшісі боксшының өзінен сұрап көрді.
Олай емес. Біреулер жаза береді. Адамдарға таңғалам. Алла сақтасын. Олай айтқан жоқпын. Оны менің атымнан біреулер шығарып жатыр. Адамдар қазір назарға түсу үшін не істемей жатыр!? - дейді ол.
Демек бұл сөзді боксшы жоққа шығарады.
Әрине, мен ешкімге олай деп сұхбат берген жоқпын. Бес-алты адам маған сондай ақпаратты жіберіп жатыр, - дейді Бибосынов.