Астанада жүргізуші мен жолаушы арасындағы жанжалдың видеосы тарады

Жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды

Астанада жүргізуші мен жолаушы арасындағы жанжалдың видеосы тарады
Видеодан алынған кадр
616

Астанада такси қызметтерінің бірінің жүргізушісі ұялы телефон камерасына жолаушымен болған жанжалды түсіріп алған. Бейне әлеуметтік желілерде таралды, деп жазады turkystan.kz Азаттық рухына сілтеме жасап.

«Масқара, достар, Бұл Астана, Жеңіс көшесі 72 үй», - делінген роликке түсіндірмеде.

Кадрларға қарағанда, жүргізуші жолаушыны басқа жерден түсіргеннен кейін екеуінің арасында жанжал өршіген. Ашуланып жүргізушіге қарай қол сілтеген әйелдің жанында кішкентай баласы бар екені көрінеді. Жанжал барысында жүргізуші жолаушы әйелді балағаттайды.

Елордалық полиция департаменті жолаушы мен такси жүргізушісі арасындағы жанжал туралы хабарлама «102» арнасына келіп түскенін хабарлады.

«Оқиғаға қатысушылар іс жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Екі тарап бір-біріне арыз берді. Жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары