527
Шошқа етінен шұжық жасайтын зауытта жұмыс істеу – күнә
Ол да ішімдік шығаратын зауытқа жұмысқа тұрғанмен тең.
Islam.kz сайтына оқырмандардың бірі: «Шошқа сойып, оны жіліктеп, одан шұжық жасайтын зауытқа жұмысқа кіруге бола ма және оның табысы харам бола ма?»-деп сұрақ жолдаған.
Бұл сұраққа белгілі дінтанушы Әбдусамат Қасым жауап берді.
«Көпшілік дін ғалымдарының пікірінше, бірыңғай шошқаның етін сататын, шошқаның етінен шұжық жасайтын зауытта жұмыс істеу – күнә. Ол да ішімдік шығаратын зауытқа жұмысқа тұрғанмен тең. Өйткені мұнда «күнәға ат салысу бар»-дейді ол.