Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров екі бірдей чемпиондық атағын қорғайды

Алайда қазақстандық боксшының қарсыласы әлі белгісіз.

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров екі бірдей чемпиондық атағын қорғайды
sportqory.kz
717

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыркүйекте шаршы алаңға оралатын болды. Бұл туралы спортшыInstagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.

Ол 28 қыркүйекте Алматыда IBO және WBA Gold нұсқасы бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғайды. Алайда қазақстандық боксшының қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Ол Алматыда өткен бокс кешінде Жапония өкілі Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, IBO чемпиондық атағын қорғап қалған еді. Сондай-ақ ол WBA Gold белбеуін жеңіп алды.

Тұраров Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингінде 7-орында тұр. Оның кәсіпқой рингте рекорды – 28-0.

Серіктес жаңалықтары