«Көп әңгімелестік»: Бибігүл Төлегенова Дінмұхамед Қонаев жайлы естелігін айтты

Ол Дінмұхаммед Қонаевпен бірге жиі шай ішіп, әңгімелескенін айтты.

«Көп әңгімелестік»: Бибігүл Төлегенова Дінмұхамед Қонаев жайлы естелігін айтты
Бибігүл Төлегенова. Фото: скриншот/YouTube
445

Аты аңызға айналған опера әншісі, КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Динара Сәтжанға берген сұхбатында Дінмұхаммед Қонаевпен арасында болған әңгімені мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Дінмұхаммед Қонаевпен биліктен кетіп қалған кезінде араластым. Ол уақытта әйелі қайтыс болған еді. Үйінде жалғыз тұратын. Басынан ауыр кезең өтіп жатты. Үйінде күзет болды. Сегізге дейін ғана келуге болатын. Одан кейін кіргізбейтін. Әбден іші пысқан болуы керек. Бірде маған қоңырау шалып,  «Бибігүл, қызым сен бойдақтардың шайын ішкің келмейді ме?» деп сұрады. Дәл сол кезде концерттен енді келгенмін. «Уақытың болса, жарты сағатқа болса да кіріп шықшы» деп шақырды. Қызметте болғанда өте ұқыпты киінетін кісі еді. Бірақ ол үйінде қарапайым адам. Бірге отырып шай ішіп, көп әңгімелесетін едік. Шай ішіп отырған кезде  маған «ешқашан ешкімді жамандама, ешкім туралы жаман сөз айтпа» деді. «Аға, ондай менің ойымда жоқ» дедім. «Сонда да есіңе салып жатқаным ғой. Айтсаң жақсы жағын айт, болмаса үндеме» дейтін. Олай неге айтқанын ақыры білмей кеттім», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары