Мәңгілік ел даңғылы 3 күнге жабылады

Астанадағы LRT құрылысына байланысты Мәңгілік ел даңғылы  3 күнге жабылады. Бұл туралы CTS хабарлады.

Мәңгілік ел даңғылы 3 күнге жабылады
istockphoto.com
Автор
Админ
393

«LRT құрылысы бойынша өндірістік жұмыстар жоспарына сәйкес 16 тамыз күні сағат 00:00-ден бастап (15 тамыздан 16 тамызға қараған түн) 19 тамыз 06:00 дейін Мәңгілік ел даңғылындағы екі бағыттағы жол қозғалысы Сығанақ көшесімен қиылысатын тұста шектеледі. Оңтүстік және солтүстік бағыттағы оңға бұрылатын жолдар ашық болады. Қозғалыс Түркістан және Ақмешіт көшесіне ауысады»-делінген баспаөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары