Абай облысында Көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды

Ол 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған

Абай облысында Көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды
istockphoto.com
514

8 тамызда Семей қаласының № 2 сотында Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы мен тағы екі қызметкерге сот үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мәлімдеді.

Агенттіктің мәліметінше, басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға, басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықовқа және Семей қаласы ПД Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметоваға қатысты үкім жарияланды.

«Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары