Бүгін – Олимпиаданың соңғы күні: Қазақстаннан кімдер жарысқа шығады?

Қазақстан соңғы жарыс күні қай спорт түрінен сынға түседі

Бүгін – Олимпиаданың соңғы күні: Қазақстаннан кімдер жарысқа шығады?
istockphoto.com
709

Бүгін Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың екі түрінен бақ сынайды.

11:00-де жеңіл атлетикадан әйелдер арасындағы марафон бәсекесінде Жанна Мамажанова сынға түседі.

Ал 14:00-де еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде күреседі. Қазақстандық спортшының қарсыласы ирандық Амирали Азарпира.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы медальдар кестесінде 41-орында келеді.

Серіктес жаңалықтары