Астанада Абайдың үлкен цифрлық портреті пайда болды

Цифрлық портрет Абай күніне орай жасалған.

Астанада Абайдың үлкен цифрлық портреті пайда болды
434

Елорданың сол жағалауында қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының ең ірі цифрлық бейнесі пайда болды. 65 метрлік портрет шолу дөңгелегінде орналасқан. Ол 53 мың пиксельден астам жаңа LED шамдарымен жабдықталған. Сурет қазақ ою-өрнектерімен және тумен алмасып тұрады, деп жазды turkystan.kz Нұра ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғындары бұл жерде өз шығармашылықтарын байқатып қалуға тырысуда. Мәселен, Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның әртісі Күлжанова Ұлжан скрипкада «Көзімнің қарасы» туындысын орындады.

Нұра ауданының әкімдігі мен Ailand отбасылық демалыс орталығы ұйымдастырған іс-шара 10 тамызда атап өтілетін Абай күніне орайластырылды. Портрет пен анимацияны көрсету 16 тамызға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары