Елдос Сметов өзіне берілген қаржының қайда және қалай жұмсалатынын айтты

Дзюдошы көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді.

Елдос Сметов өзіне берілген қаржының қайда және қалай жұмсалатынын айтты
Елдос Сметов. Фото: ҰОК/Сали Сабиров
583

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жеңісі үшін мемлекет тарапынан берілетін қаражатты қайда жұмсайтындығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

“Әр спортшының арманында – артынан жақсы бір мектеп ашып қалдыру деген ой болады . Қызмет жасап, жинаған тәжірибені бөліскенге не жетсін!? Әртүрлі деңгейде беріліп жатқан қаражат бар. Әр адам өзінің істеп жатқан жұмысы үшін қаражат алады. Маған берілген қаражатты қайда жаратамын, қалай жаратамын бұл менің жеке өміріме қатысты дүние деп ойлаймын. Бұл - менің төртжылдық еңбекақым. Әр адам жалақысын алу үшін еңбектенеді және ол жалақасын қайда жұмсаса да өзі біледі” – деді Елдос Сметов.

Серіктес жаңалықтары