Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада чемпионы Жан Беленюкке есе жіберді

Жан Беленюк – Токио Олимпиадасының жеңімпазы

Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада чемпионы Жан Беленюкке есе жіберді
582

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды.

87 келіде белдесетін отандасымыз Олимпиада чемпионы, украиналық Жан Беленюктен 7:3 есебімен ұтылып қалды.

Нұрсұлтан Тұрсынов – Азия чемпионы. 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысқан. Жан Беленюк – екі дүркін әлем чемпионы (2015, 2019), үш дүркін Еуропа чемпионы (2014, 2016, 2019). Токио Олимпиадасында чемпион атанған. 2016 жылғы Олимпиадада күміс жүлдені місе тұтты.

Еске сала кетейік, бүгін 77 келіде белдесетін Демеу Жадыраев Олимпиада алтыны үшін таласады.

Серіктес жаңалықтары