Алмас Кішкенбаев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Алмас Кішкенбаев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
скриншот/YouTube
545

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев Saltanat Live Youtube-арнасына берген сұхбатында болашақ жары туралы сөз қозғады.

 Әнші оның бойынан қандай қасиеттерді көргісі келетінін айтты.

«Болашақ жарымның адал болғанын қалаймын. Бір ғана сөз, бірақ мұның ішінде көп нәрсе жатыр. Адал деген өте керемет сөз», - деп қысқа қайырды өнер иесі.

Сонымен қатар шоу-бизнес жұлдызы өмірдегі басты құндылықтары туралы айтты.

«Өмірдегі басты ұстанымым - адам боп қалу. Танымалдылықтың жүгі ауыр деп те, жеңіл деп те айтуға болады. Екі ұшы бар», - деді Кішкенбаев.

Серіктес жаңалықтары