«Орамалың құтты болсын»: Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваның қуанышын бөлісті

Өнер иесі жеке парақшасына жазба жариялап, құрбысын құттықтады.

«Орамалың құтты болсын»: Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваның қуанышын бөлісті
instagram/botakerim
866

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі Айгүл Иманбаеваның жеке өміріндегі жаңалығын бөлісіп, құттықтады.

«Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс істеп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!», – деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары