Олимпиада чемпионы Париж саябағында ұйықтап қалған

Олимпиада чемпионы Париж саябағында ұйықтап қалған
14762

Суда жүзуден Италия құрамасының мүшесі Томас Чеккон Париждегі саябақтардың бірінде ұйықтап жатқан жерінен спортшылар суретке түсіріп алған.

Бұған дейін спортшы Парижде жасақталған Олимпиада қалашығындағы жағдайды сынаған болатын.

«Қалашықта кондиционер жоқ, өте ыстық. Тамағы да онша емес. Сол үшін көп спортшы көшіп кетті. Дәмсіз тамақ, аптап ыстық, кондиционердің жоқтығы, ұйқысыздық», – деген болатын италияндық.

Чеккон Париж Олимпиадасында 100 метрге шалқалап жүзуде алтын, кейін дәл сол қашықтықта еркін стильде жүзуден өткен эстафеталық сайыста қола жүлде алған болатын.

Серіктес жаңалықтары