Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына шықты.
Бокстан 80 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Доминикан Республикасының өкілі Кристиан Пиналесті жеңді.
Жартылай финалдық жекпе-жек өте тартысты өтіп, қазақстандық боксшы 3:2 есебімен ақтық сынға өтті.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай - былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері.