554
Ақтау тұрғындары тағы да ауызсусыз қалды
Осыған байланысты 11-шағын аудандағы бірнеше үйде ауызсу жүйесі апатты жағдайда өшірілді
Ақтаудың орталық ауданында болған апат салдарынан ауызсу құбырында тағы да ақау пайда болды.
Құбыр жарылып кеткен. Осыған байланысты 11-шағын аудандағы бірнеше үйде ауызсу жүйесі апатты жағдайда өшірілді.
№3, 4, 10, 11 және 60 үйлер де сусыз қалып отыр. Қазір коммуналдық шаруашылық мамандары апатты жағдайда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.