Боксшы Махмұт Сабырхан Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Боксшы Махмұт Сабырхан Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
ҚБФ
1203

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Махмұт Сабырхан Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды.

57 келі салмақта жұдырықтасатын Махмұт Сабырхан Испанияның былғары қолғап шебері Хосе Кильес Бротонстан айласын асыра алмады. 1/8 финалдық жекпе-жек 4:1 есебімен испандықтың пайдасына аяқталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылардан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) екі кездесуінде, Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жеткен еді. Команда капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары