«Кімнің қолын көтерді, сол жеңді»: Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиададағы жеңілісі туралы

Өздеріңіз көрдіңіздер, барымды салдым.

«Кімнің қолын көтерді, сол жеңді»: Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиададағы жеңілісі туралы
фото: ҚБФ
1102

Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе­-жегінде жеңіліп қалған боксшы Қамшыбек Қоңқабаев «Қазспорт» арнасына берген сұхбатында пікірін айтты.

«Артық ештеңе айтпаймын. Кімнің қолын көтерді, сол жеңді. Қалай бар, солай қабылдаймыз Алла қаласа. Артық ештеңе айта алмаймын. Өздеріңіз көрдіңіздер, барымды салдым. Ол да осал қарсылас емес. Еуропа чемпионы. Сол, не деймін басқа? Қалған жігіттердің қолдаңыздар. Жанкүйер болыңыздар Құдай қаласа», – дейді боксшы.

92 келіден жоғары салмақта жұдырықтасатын ол Париж шаршы алаңында Еуропа чемпионы, испандық спортшы Аюб Гадфадан жеңіліп қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары