"Мен хабарлассам, жауап бермеңіздер": Семей қаласының әкімі үндеу жасады

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.

"Мен хабарлассам, жауап бермеңіздер": Семей қаласының әкімі үндеу жасады
сурет: inbusiness.kz
496

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әлеуметтік желілерде күтпеген үндеу жариялап, тұрғындарды интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырды. Бұл туралы tengrinews.kz жазды. 

Қала басшысы өзінің фотосуреті қойылған аккаунттарға жауап бермеуді, түскен қоңырауға жауап бермеуді және ақша аудармауды өтінді.

Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, қазір WhatsApp мессенджерінде интернет-алаяқтар оның атынан түрлі хабарламалар таратып жүр. Шенеунік тұрғындарды сақ болуға және мұндай хабарламаларға жауап бермеуге шақырды.

"Менің атымнан жіберілген хабарламаға, онда менің фотосуретім қойылған болса да, сеніп, ақша аудармауды, қоңырауға жауап бермеуді және күмәнді сілтемелерге өтпеуді сұраймын," - деп жазды Нұрбол Нұрсағатов.

Естеріңізге сала кетейік, қазір мессенджерлер арқылы азаматтарды алдап-соғып, күмәнді сілтеме жіберіп немесе танысының атынан жалған аккаунт ашып ақша сұрайтындар көбейген. Егер сондай жағдайға тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз.

Серіктес жаңалықтары