460
Голан жотасындағы қазақстандық бітімгерлерге қауіп төніп тұрған жоқ – Министрлік
27 шілдеде Израильдің бақылауындағы Голан жоталарына зымыран шабуылы жасалып, 12 адам қаза тапты
Қорғаныс министрлігі қазір қазақстандық әскерилер БҰҰ бітімгершілік миссиясын атқарып жатқан Голан жотасындағы зымыран шабуылына байланысты жағдайға түсініктеме берді.
Голан жоталарында БҰҰ бітімгерлік миссиясын орындап жатқан қазақстандық контингент қалыпты режимде жұмысты жалғастыруда. Жеке құрамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 27 шілдеде Израильдің бақылауындағы Голан жоталарына зымыран шабуылы жасалып, 12 адам қаза тапты.