Жанында күйеуі болған: Қостанайда белгісіз ер адам әйелді бауыздап өлтірді

Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жанында күйеуі болған: Қостанайда белгісіз ер адам әйелді бауыздап өлтірді
istockphoto.com
16538

Құсмұрын ауылында жеке үйлердің бірінің ауласында мойны кесілген жаралы әйел табылды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі әйелдің көз жұмғанын анықтады.

Оқиға 20 шілде күні болған. Марқұмның жанында күйеуі болған. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне 40 минут бұрын әйелінің айғайын естіп, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтыпты. Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде басының артына және бетіне пышақ жарақатын алған.

Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары