Павлодарлықтардың 500 млн теңге несиесі кешірілді

Заңда көзделген кейбір шарттарға сәйкес келмеуіне байланысты 2900-ге жуық өтініш берушіге банкрот деп танылу рәсімінде бас тартылды

Павлодарлықтардың 500 млн теңге несиесі кешірілді
istockphoto.com
930

Борышкерлерді банкрот деп тану туралы ең көп шешім облыс орталығында шығарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы Жаслан Сержанов мәлімдеді.

Бүгінде соттан тыс банкроттыққа 3900-ге жуық өтініш берілді, оның ішінде 517 жағдайда ғана оң ұйғарым берілді. 2024 жылдың сәуір айына дейін 500 миллион теңгеге жуық қаражат есептен шығарылды. Ал 140 адам өтініштерін кері қайтарып алды. Яғни, борышкер жұмысқа орналасып, төлеуге дайын азаматтар қатарына қайтадан қосылды деген сөз, – деді Жаслан Сержанов.

Борышкерлерді банкрот деп тану туралы ең көп шешім Павлодар қаласында – 220, Екібастұзда – 189, Ақсу қаласында – 18, аудандардан – Павлодар ауданында 35 шешім шығарылды.

Серіктес жаңалықтары