496
Ертіс өзенінде жағаға қайта алмай қалған 7 адам құтқарылды
Құтқарушылар дер кезінде көмек көрсеткен.
Семей қаласының Ертіс өзені жағаларын патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ерболат Айтқазы мен Әнуар Тағаев қалалық жағажай аумағында 7 адамды құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz.
"Құтқарылған адамдардың арасында ағыс алып кете жаздаған 14 пен 16 жас аралығындағы бес жасөспірім бар. Сондай-ақ Бұдан бөлек құтқарушылар 1982 жылы туған ер адам мен қалтқылардың көмегімен жүзіп, өздігінен жағаға қайта алмаған әйел жағаға жеткізілді", - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Құтқарылған жандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.