Ертіс өзенінде 11 жастағы бала суға батып кете жаздады

ТЖМ қызметкері Абай облысында 11 жастағы баланы құтқарып қалды.

Ертіс өзенінде 11 жастағы бала суға батып кете жаздады
462

Семей қаласы Ертіс өзенінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Е.Кұлсынов пен А.Ибраев патрульдеу кезінде «Семей қалалық жағажайы» аумағында 2013 жылы туған баланы құтқарып қалған, деп хабарлады turkystan.kz. 

"Құтқарушылар аймақты бақылау барысында рұқсат етілген жерде шомылып жүрген баланы ағыс алып кете бастағанын байқаған. Осы фактіні байқаған құтқарушылар балаға көмекке жүгіріп, содан кейін оны жағаға шығарды. Қазіргі уақытта құтқарылған баланың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес", - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары