540
Қостанайда көліктен қолын шығарып, қарумен оқ атқан ер адам ұсталды
Белглі болғандай, қала көшелерінің бірінде үйлену тойы кортежі жүріп өткен.
Әлеуметтік желіде білгісіз бір ер адамның көліктің терезесінен қолын шығарып, тапаншамен аспанға оқ атқан видеосы тарады.
Қостанай облысының полиция департаменті аталмыш оқиғаға түсінік беріп, тапаншадан шын оқ атылғанын теріске шығарды. Белглі болғандай, қала көшелерінің бірінде үйлену тойы кортежі жүріп өткен.
«19 шілдеде Тәуелсіздік көшесімен келе жатып, автокөлік жолаушыларының бірі көліктің терезесінен тапанша ұстаған қолын шығарып, атып жатқандай болды. Содан кейін монтаждау арқылы кадрға оқтың атылған дыбысы қойылды», - делінген хабарламада.
Қазір үйлену тойы кортежіне мінгендер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы материал мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілген.