«10 жылдың жалақысы»: Ферроқорытпа зауытында қаза тапқан жұмысшының отбасына көмек беріледі

Зауыттағы апаттан жұмысшы алған жарақаттары салдарынан төртінші күні ауруханада қайтыс болған еді.

«10 жылдың жалақысы»: Ферроқорытпа зауытында қаза тапқан жұмысшының отбасына көмек беріледі
istockphoto.com
566

YDD Corporation компаниясы Карағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдайдан кейін қаза тапқан жұмысшының отбасына қолдау көрсететінін айтты.

Компания марқұм Музафар Исмаиловтың отбасы алдындағы міндеттемелерінің тізімін жариялады.

Айта кетейік, жұмысшы алған жарақаттары салдарынан төртінші күні ауруханада қайтыс болған.

«YDD Corporation Музафар Имантайұлының қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтады.⠀

Бүгінгі таңда компания жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, сондай-ақ отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Атап айтқанда, компания келесі міндеттемелерді атқарады:

* Отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасайды.

* Отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсетеді.

* Қызметкер мен оның жұбайының барлық несиелерін толық өтейді», - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметінде.

Марқұм Мұзафар Исмаиловтың соңында үш жасар қызы мен бірге енді толған ұлы қалды.

Еске салсақ, 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде кенеттен жалын шықты. ТЖ салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шекті. Олар Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасына жатқызылды. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша қосымша медициналық көмек алу үшін Қарағандыға Академик Н.Д.Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығының қызметкерлері келді.⠀

Серіктес жаңалықтары