Ақсуатта Төреғали Төреәліні 25 мың адам он сағат бойы тұрып күткен

Ақсуатта Төреғали Төреәліні 25 мың адам он сағат бойы тұрып күткен
instagram
1115

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Ақсуат қаласында концерт берді. Алайда өнер иесі халықты 10 сағат күттірген.

«Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуатта өткен концерттегі қызықтарды бөлісейін. Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын!», – деп жазды әнші.

Алайда эстрада жұлдызы халықты ұзақ күттіргенін жасырмады.

«Көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрды. 25 мың халық 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс», – деген тыңдарманының пікірін де желіде жариялады өнер иесі.

Серіктес жаңалықтары