Қызылорда облысында жол апатынан бір адам қайтыс болып, 5 адам зардап шекті

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында жол апатынан бір адам қайтыс болып, 5 адам зардап шекті
istockphoto.com
1952

Қызылорда облысында жол апатынан бір адам оқиға орнында қайтыс болып, бес адам дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Оқиға 20 шілдеде «Самара-Шымкент» тас жолының Сырдария ауданы Шаған елді мекені тұсында болған.

Тәжікстаннан Ресей мемлекетіне бағыт алған "Kia Rio" автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары