21 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

/
21 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды
istockphoto.com
Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін еліміздің көптеген өңірінде атмосфералық қысымның төмендеуіне байланысты найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады және желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады деп күтіледі.

Күндіз сынап бағаны еліміздің солтүстігінде, шығысында: +20…+28°C, оңтүстігінде: +34…+39°C, еліміздің орталығында: +25…+33°C, оңтүстік-шығысында: +30…+38°C, ал батысында +33…+38°C көрсетеді деп болжанған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары