"Тек кондиционер жоқ": Қазақстандық олимпиадашылардың алғашқы легі Парижге жетті

"Тек кондиционер жоқ": Қазақстандық олимпиадашылардың алғашқы легі Парижге жетті
olympic.kz
658

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Парижге жетті. Олар жарыс күніне  25 шілдеде араласады, деп хабарлайды turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Олимпиада ауылы Париждің солтүстік жағында орналасқан, аумағы 52 гектардан асады.

Инфрақұрылымда қажеттінің бәрі бар: 40 тұрғын үй,  жаттығу корпустары, емхана, асхана және басқа да нысандар. Атлеттердің көңіл көтеруіне арналған клубтар да бар. 

«Біз бүгін таңертең жайғастық. Тек таңғы ас ішіп үлгердік. Біздің команда Қазақстан құрамасы сапынан алғаш боп орналасты. Енді қалған  спортшыларымызды қарсы аламыз. Жағдай жақсы, олимпиада атмосферасы керемет сезіледі. Бәрі әдемі әрі жайлы. Асхана жайлы толық ештеңе айта алмаймын. Әзірге, мәзірмен толық таныспадық. Мұнда бәрі бар деп ойлаймын. Одан бөлек, қосымша тамақтану орындары, кофеханалар бар»,  - дейді команда үздіктерінің бірі Ильфат Абдуллин. 

Спортшылардың айтуынша, тұрғын үйлер жайлы әрі ыңғайлы. 

«Номерде бізге керектінің бәрі бар. Тек кондиционер жоқ (күлді). Десе де, олимпиадалық ауылдағы жағдайдың жақсы екенін айтқым келеді. Еріктілер жақсы көмектесіп жатыр», - дейді спортшы. 

Олимпиадалық ауылда 14,5 мыңдай адам тұрады. Оның ішінде тоғыз мың спортшы бар. Қазақстан намысын спорттың 25 түрінен 80 спортшы қорғайды.

Серіктес жаңалықтары