Жол апатына түскен Орал тұрғыны әкімдіктен 603 мың теңге өндіріп алды
Оралдық жол сапасын жақсартуға қатысты оларға бекітілген міндет пен тапсырманы дұрыс орындамады, соның салдарынан жол апаты болды деп сотқа жүгінген.
Орал тұрғыны Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінен материалдық шығын өндіріп алу үшін сотқа жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz Мой город-қа сілтеме жасап.
Ол Орал қаласындағы Әбілқайыр хан мен Сырым Датов көшесі қиылысындағы жолдың сапасы нашар болғандықтан, жол апатына түсіп, көлігін зақым тиген.
Ол Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі жол сапасын жақсартуға қатысты оларға бекітілген міндет пен тапсырманы дұрыс орындамады, соның салдарынан жол апаты болды деп сотқа жүгініп, 788 мың теңге өндіріп алуды талап еткен.
«Сот іс материалдарын жіті зерттеп, материалдық залал келтірілу фактісі жол салу ісі талабының бұзылғаны жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен расталғанын анықтады. Алайда сарапшының қорытындысы бойынша, көлікті жөндеу жұмыстарының құны 603 мың теңге болған», – деп хабарлады облыстық баспасөз қызметі.
Нәтижесінде сот арыз берушінің талабын ішінара қанағаттандырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ер адамның пайдасына 603 мың теңге материалдық шығын және 6 037 теңге мемлекеттік баж салығын төлеуге міндеттелді.