522
Астанада мопед жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды
Мопед жүргізушісі жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан.
Патрульдік полиция экипажы Керей-Жәнібек хандар көшесінде құжаттарды тексеру үшін екі мопед жүргізушісін тоқтатқан, деп хабарлады turkystan.kz.
"Кейін топқа тағы бір жігіт қосылып, өзін мопедтердің иесі ретінде таныстырған. Сақшылар құжаттары жоқ екенін анықтағаннан кейін, мопедтерді коммуналдық тұраққа қойып, жауапкершілікке тартпақ болған. Алайда, олардың бірі жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, қаша жөнелген. Мамандандырылған батальон қызметкерлері қашқынды ұстап, құқық бұзушыларды полиция бөлімшесіне жеткізді", - деп жазылған ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Олар полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылып, мопедтер коммуналдық тұраққа қойылды.