664
Балауса Мұздыман Таиландта өтетін жекпе-жегінде титулға таласады
Ол 25 шілдеде жергілікті спортшы Джиттамат Пхомтамен кездесіп, жеңіл салмақтағы WBA Asia белбеуін сарапқа салады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиманның кезекті қарсыласы анықталды.
Кәсіби бокста бақ сынап жүрген Балауса Мұздиман 25 шілде күні Таиландтың Бангкок қаласында жергілікті былғары қолғап шебері Джиттамат Пхомтамен кездесіп, WBA Asia белбеуін сарапқа салады. Бұл Балауса үшін кәсіпқой бокстағы алғашқы титулды айқас болмақ.
Айта кетейік, Балауса Мұздиман шаршы алаңда 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді. Отандасымыз соңғы жекпе-жегінде үндістандық Моника Сингхты бір минутта нокаутқа жіберген еді.